Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау жəне қорғау мемлекет міндеті болып табылады. Əрі қарай, Конституцияның 17 бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» делінген, яғни жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалады. Аталған нормалар гуманизмнің жалпы құқықтық қағидасын қалыптастырады.
Заңды жауапкершілік институтының нормаларындағы гуманизм қағидасын жүзеге асыру тұрғысындағы даулы сұрақтардың бірі болып өлім жазасы мəселесі табылады. Əрекет етіп тұрған қылмыстық заңда жазаның аталған түрі тек қана аса ауыр қылмыстарға тағайындалатын жаза деп қарастырады.
Ең алдымен Конституция талап еткендей, өлім жазасымен жазаланатын қылмыс шеңбері түпкілікті түрде қысқарған. Қылмыстық кодекстің 49 бабына сəйкес жазаның ерекше түрі ретінде өлім жазасы адамның өмірін қиюмен байланысты, сондай-ақ соғыс уақытында немесе соғыс жағдайында, мемлекеттік опасыздық (сатқындық), бейбітшілік пен азамат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, аса ауыр əскери қылмыстар жасалған үшін тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде мұндай қылмыстарға мыналар жатқызылған: қасақана кісі өлтіру (96 б. 2 т.), агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (156 б. 2 т.), соғыс жүргізу де тыйым салынған құралдар мен əдістерді қолдану (159 б.), геноцид (160 б.), жалдап кісі өлтіру (162 б.), мемлекетке опасыздық (165 б.), мемлекеттік қайраткер немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық (167 б.), диверсия (171 б.), сот əділдігін жүзеге асырушы немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы тұлғаның өміріне қастандық (340 б.), билікті теріс пайдалану (380 б.), соғысты жүргізу құралдарын қарсы жаққа беру немесе қолдану (383 б.) [5].
Өлім жазасы үкімін шығару мүмкіндігін қарастырушы жоғарыда келтірілген баптардағы санкциялар, соттың өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі балама жазаны тағайындауға жол береді.
Өлім жазасын айыптыға тек барлық судьялардың бірауыздан шығарған шешімі бойынша тағайындау, ал үкімді ол күшіне енген сəттен бастап бір жылдан кейін ғана орындау туралы ережелер заң жүзінде бекітілді.
Өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарылу мүмкіндігін елеулі түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 49 б. 2 т. қысқартады. Онда өлім жазасы əйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі қылмыс жасаған тұлғалар, сот үкімі шыққан сəтте 65 жасқа толған ер азаматтарға тағайындалмайды деп бекітілген. Өлім жазасына кесілген тұлғаның кешірім жасау туралы өтініш етуге (ҚР Президентіне) құқығы бар.
Алайда заңды жауапкершілік шаралары гуманизмі гуманизм қағидасының жалғыз ерекшелігі емес. Мұнда заңның кері күші, оның заңды жауапкершілік гуманизмі қағидасына сəйкес келуі немесе келмеуіне байланысты жол берілуі не берілмеуі жөнінде əңгіме болып отыр. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңының 37бабына [7] сəйкес гуманизм қағидасымен заңның кері күшіне жол берілу немесе берілмеуіне байланысты 3 жағдайды айтуға болады:
Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды. Жауапкершілікті бекітетін заңның кері күшіне жол берілмеуі əділеттілік қағидасына жатқызылады, өйткені қарама-қайшы норманың əрекет етуі жағдайында теріс қылықтың жасалу сəтіндегі қоғамдық пікір мен тұлғаға жауапкершілік шараларын қолдану арқылы теріс əсер етудің арасында сəйкестілік, ара қатынас бұзылатын еді. Ал жауапкершілікті күшейту орын алса жағдай басқаша болар еді. Мұнда əлдебір əрекетке негативті, заңсыз деген пікір беріп қойылған. Сондықтан жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігін əлдебір теріс қылықты қоғамның бағалауын өзгерте отырып түсіндіру өте қиын. Сəйкесінше бұл норманың заңда болу себебін басқа жақтан іздеу керек. Біздің пікіріміз бойынша мұндай себепті, заң шығарушының жағдайды реттеуге мүмкіндігі бар екі варианттың мейлінше жеңілдеуін таңдауында деп түсіндіруге болады. Осыған байланысты жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігі нормасының қайнар көзі жауапкершілік гуманизмі қағидасы болып табылады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе заңды жауапкершілік гуманизмі қағидасының мəнін біріншіден, заңмен бекітілген заңды жауапкершілік шаралары тұлғаға физикалық тұрғыда азап келтіруді, ар-ождан, қадір-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды, екіншіден, жауапкершілікті жоятын немесе жеңілдететін заңның кері күшіне жол берілгенде жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Один из важнейших принципов уголовного права - принцип гуманизма вытекает непосредственно из Конституции РК. Статья 1 Конституции Республика Казахстан провозглашается демократическим, светским, правовым и социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его права и свободы.
Воплощается принцип гуманизма в том, что правовое воздействие на лиц, совершивших преступление, не преследует цель возмездия. Напротив, устанавливая наказание виновному, уголовный закон требует, чтобы каждое из них преследовало цель исправления осужденного, а тем самым оказывало предупредительное воздействие на других лиц. При этом более строгий вид наказания из числа предусмотренных за содеянное применяется только в случае, если менее строгий вид не может обеспечить общие цели наказания. Даже лишение или ограничение прав и свобод лица, составляющие содержание наказания, не носят характера причинения физических страданий либо унижения человеческого достоинства.
Согласно пункту 2 статьи 17 Конституции «никто не должен подвергаться пыткам, насилию, другому жестокому или унижающему человеческое достоинство обращению или наказанию». Данная конституционная норма конкретизирована применительно к наказанию в части второй статьи 38 УК («Наказание не имеет своей целью причинение физических страданий или унижение человеческого достоинства»).

- Жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күші болмайды;
- Жауапкершілікті жоятын заңның кері күші болады;
- Жауапкершілікті жеңілдететін заңның кері күші болады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология
Гуманизм – адамның еркін ойлылығы және адамгершілігіне қатысты ізгілік қағидалары.
Өлім жазасы жеңілдетілген жаза кешірім – қылмысты жасау себептерінің объективтілігіне және гуманизм қағидаларына байланысты қылмысты деп танылған адамның жазасын жеңілдету мүмкіндігі.
Жазалау –жасаған заңға қарсы қылмысы үшін сот тағайындаған мәжбүрлеу шарасы
Қылмыстық құқықтағы гуманизммен келісемін (...), келіспеймін (...)
Қазақстанға өлім жазасы қажет емес (...)
Қанға қан, жанға жан (...)